11. Құтқарылу мейрамы

11. Құтқарылу мейрамы — иллюстрация 1

Құдай Мұса мен Һаронды перғауынның алдына қайта жіберіп, одан Исраил халқын босатуды талап етті. Егер перғауын Исраил халқын жібермесе, онда Құдай мысырлықтардың тұңғыш ұлдары мен малдарының тұңғыш төлдерін өлтіретінін ескертті. Бірақ перғауын мұны естісе де, Құдайға сенуден және мойынсұнудан бас тартты.

11. Құтқарылу мейрамы — иллюстрация 2

Мысыр елін ауыр жаза күтіп тұрды. Бірақ Құдай Исраил елінің тұңғыш ұлдарына құтқарылу жолын дайындап қойған еді. Әр отбасы мінсіз тоқтыны таңдап, оны құрбандыққа шалулары тиіс болатын.

11. Құтқарылу мейрамы — иллюстрация 3

Құдай исраилдіктерге сол тоқтының қанын үйлерінің есік жақтаулары мен маңдайшаларына жағуды және тоқтының етін отқа қақтап, ашытқысыз пісірілген нанмен тезірек жеуді бұйырды. Сонымен қатар Құдай оларға, ет пен нанды жеп болған соң, Мысырдан шығуға дайын болу керектігін айтты.

11. Құтқарылу мейрамы — иллюстрация 4

Исраилдіктер Құдайдың айтқанын бұлжытпай орындады. Түн ортасында Құдай бүкіл Мысыр елін аралап, әрбір тұңғыш ұлды өлтірді.

11. Құтқарылу мейрамы — иллюстрация 5

Исраилдіктердің үйлерінің есік жақтаулары мен маңдайшаларына қан жағылған еді, Құдай сол үйлердің қасынан өтіп кетеді. Осы үйлердің ішіндегі адамдар аман қалды. Олар тоқтының қаны арқылы құтқарылды.

11. Құтқарылу мейрамы — иллюстрация 6

Перғауын Құдайға сенбеді және Оған мойынсұнбады, сондықтан Құдай бүкіл Мысыр елін жазалады. Ол әр мысырлықтың тұңғыш ұлын өлтірді.

11. Құтқарылу мейрамы — иллюстрация 7

Мысырлықтардың әрбір тұңғыш ұлы: түрмеде отырған тұтқынның тұңғышынан бастап, перғауынның тұңғышына дейін өлді. Бүкіл Мысыр еліндегі адамдар қайғыдан зар еңіреп жылады.

11. Құтқарылу мейрамы — иллюстрация 8

Сол түні перғауын Мұса мен Һаронды шақырып алып: «Бүкіл Исраил халқын жинаңдар да, Мысыр жерінен дереу кетіңдер!» — деді. Мысырлықтар да исраилдіктердің дереу кетуін талап етті.

Мысырдан шығу 11:1-12:32 - тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімелері

Читать в ридере

Свободно для использования, адаптации и распространения по открытой лицензии (CC BY-SA 4.0).