25. Исаның шайтанның сынағынан өтуі

25. Исаның шайтанның сынағынан өтуі — иллюстрация 1

Шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін Киелі Рух Оны айдалаға бастап алып барды. Иса сол жерде қырық күн және қырық түн болды. Сол уақыт бойы Ол ораза ұстады, бірақ соңында әбден ашықты. Сонда шайтан Исаның қасына келіп, оны азғыра бастады.

25. Исаның шайтанның сынағынан өтуі — иллюстрация 2

Шайтан Исаға: «Егер Құдайдың (рухани) Ұлы болсаң, мына тастарды жейтін нанға айналдыршы», — деді.

25. Исаның шайтанның сынағынан өтуі — иллюстрация 3

Бірақ Иса шайтанға былай деп жауап берді: «Құдай Сөзінде: Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді деп жазылған».

25. Исаның шайтанның сынағынан өтуі — иллюстрация 4

Осыдан кейін шайтан Исаны ғибадатхананың төбесіне апарып, былай деді: «Егер Сен Құдайдың (рухани) Ұлы болсаң, жерге секірші, өйткені Киелі жазбада: «Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін Құдай періштелеріне Сені алып жүруді бұйырады — деп жазылған ғой»».

25. Исаның шайтанның сынағынан өтуі — иллюстрация 5

Бірақ Иса шайтанның айтқанын істемеді. Иса оған жауап қайтарып былай деді: «Құдай Иеңді еркінсіп сынама деп Тауратта жазылған!»

25. Исаның шайтанның сынағынан өтуі — иллюстрация 6

Содан кейін шайтан Исаны биік таудың басына шығарып, әлемнің барлық патшалықтарын, олардың байлықтары мен құдіретін көрсетті. Содан кейін шайтан Исаға: «Егер аяғыма жығылып маған ғибадат етсең, бұлардың бәрін Саған беремін», — деді.

25. Исаның шайтанның сынағынан өтуі — иллюстрация 7

Бірақ Иса былай деп жауап берді: «Қасымнан кет, шайтан! Құдайдың сөзінде Ол Өз халқына былай деген: «Жалғыз Құдай Иелеріңе ғана сиынып, тек Оны қастерлеңдер!»»

25. Исаның шайтанның сынағынан өтуі — иллюстрация 8

Иса шайтанның азғыруына берілмеді. Содан кейін шайтан Оның қасынан кетіп қалды. Сол кезде Исаның қасына періштелер келіп, Оған қызмет етті.

Матай 4:1-11, Марқа 1:12-13 және Лұқа 4:1-13 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі

Читать в ридере

Свободно для использования, адаптации и распространения по открытой лицензии (CC BY-SA 4.0).