34. Исаның әртүрлі әңгімелер арқылы халыққа тәлім беруі

34. Исаның әртүрлі әңгімелер арқылы халыққа тәлім беруі — иллюстрация 1

Иса Құдай Патшалығы туралы әртүрлі астарлы әңгімелер айтып берді. Мысалы, Ол былай деді: «Құдай Патшалығы бір адамның егістігіне еккен қыша дәніне ұқсас. Қыша дәні басқа тұқымдардан гөрі майда екенін білесіздер.

34. Исаның әртүрлі әңгімелер арқылы халыққа тәлім беруі — иллюстрация 2

Бірақ қыша дәні өскенде барлық дәнді дақылдардан биік болып шығып, үлкен ағашқа айналады. Сонда құстар ұшып келіп, бұтақтарына ұя салады».

34. Исаның әртүрлі әңгімелер арқылы халыққа тәлім беруі — иллюстрация 3

Иса оларға келесі бір әңгімені де айтып берді: «Құдай Патшалығын ашытқымен де салыстыруға болады: әйелдер ұнға аздаған ашытқы қосып араластырғанда, ол барлық қамырды ашытып, көтереді.

34. Исаның әртүрлі әңгімелер арқылы халыққа тәлім беруі — иллюстрация 4

Сондай-ақ Құдай Патшалығы егіндік жерде жасырылған қазына іспетті. Бір адам бұл қазынаны тауып алып, оны өзіне алғысы келді. Ешкім тауып алмасын деп оны қайтадан жерге көміп қояды. Содан кейін қазынаны тапқанына қуанып, өзіндегі барын сатып, ақшасына қазына жасырылған егіндік жерді сатып алады.

34. Исаның әртүрлі әңгімелер арқылы халыққа тәлім беруі — иллюстрация 5

Құдай Патшалығы тағы құнды інжу-маржан іздеген саудагерге ұқсайды. Құнды інжу-маржанды тауып алған соң, барын сатып, соған ие болады».

34. Исаның әртүрлі әңгімелер арқылы халыққа тәлім беруі — иллюстрация 6

Исаның соңынан ерген халықтың арасында игі істер істеп жүргендіктен, өздерінің әділдіктеріне сүйенген адамдар да болды. Бұл кісілер жақсылық істемегендерге менсінбей қарайтын. Иса оларға мына оқиғаны айтып берді: Екі адам сиыну үшін ғибадатханаға барыпты. Олардың бірі салық жинаушы, екіншісі парызшыл болатын.

34. Исаның әртүрлі әңгімелер арқылы халыққа тәлім беруі — иллюстрация 7

Парызшыл былай деп сиынады: «Басқа адамдар сияқты қарақшы, өтірікші, неке адалдығын бұзушы немесе ана салықшы сияқты күнәкар болмағаным үшін, Құдай, Саған ризашылығымды білдіремін.

34. Исаның әртүрлі әңгімелер арқылы халыққа тәлім беруі — иллюстрация 8

Мен аптасына екі рет ораза ұстаймын, бар тапқан табысымның оннан бір бөлігін Саған беріп тұрамын».

34. Исаның әртүрлі әңгімелер арқылы халыққа тәлім беруі — иллюстрация 9

Ал салық жинаушы болса парызшылдан алыстау жерде тұрды. Ол тіпті назарын көкке көтеруге де дәті бармай, қолымен кеудесін соққылап: «Я, Құдай, мен күнәкармын, рақым ете гөр!» — деп мінажат етті.

34. Исаның әртүрлі әңгімелер арқылы халыққа тәлім беруі — иллюстрация 10

Иса былай деді: «Құдай парызшылды емес, салық жинаушыны кешіріп, ақтаған еді. Себебі өзін-өзі жоғары санаған әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады».

Матай13:31-33, 44-46, Марқа 4:30-32 және и Лұқа 13:18-21; 18:9-14 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі

Читать в ридере

Свободно для использования, адаптации и распространения по открытой лицензии (CC BY-SA 4.0).