36. Исаның нұрлы салтанатпен көрінуі

36. Исаның нұрлы салтанатпен көрінуі — иллюстрация 1

Бір күні Иса дұға ету үшін биік тауға көтерілді. Ол Өзімен бірге үш шәкіртін: Петір, Жақып және Жоханды ертіп алған еді.

36. Исаның нұрлы салтанатпен көрінуі — иллюстрация 2

Иса тауда дұға етіп тұрғанда, Оның бет-әлпеті күндей жарқырап кетті. Оның киімдері нұрланып, жер бетіндегі бірде-бір шебер ағарта алмайтындай аппақ болды.

36. Исаның нұрлы салтанатпен көрінуі — иллюстрация 3

Кенет жүздеген жылдар бұрын жер бетінде өмір сүрген Мұса мен Ілияс пайғамбар пайда болды. Сонда олар Исамен Оның Иерусалимдегі өлімі жайлы сөйлесіп тұрды.

36. Исаның нұрлы салтанатпен көрінуі — иллюстрация 4

Сол кезде Петір Исаға: «Осы жерде болғанымыз сондай жақсы! Үш күрке жасайық: біреуі Сізге, біреуі Мұсаға, біреуі Ілиясқа», — деді. Петір қорыққаннан не айтып тұрғанын өзі де түсінбеді.

36. Исаның нұрлы салтанатпен көрінуі — иллюстрация 5

Петір әлі де сөйлеп жатқанда, бір жарық бұлт олардың үстіне көлеңкесін түсірді. Сонда бұлттың арасынан: «Бұл Менің сүйікті Ұлым! Оған ризамын. Оны тыңдаңдар» — деген дауыс естілді. Үш шәкірт қатты қорыққандарынан жерге етпеттерінен құлай кетті.

36. Исаның нұрлы салтанатпен көрінуі — иллюстрация 6

Сонда Иса оларға қолын тигізіп: «Қорықпаңдар! Тұрыңдар!» — деді. Олар жан-жағына қарағанда, Исадан басқа ешкімді көрмеді.

36. Исаның нұрлы салтанатпен көрінуі — иллюстрация 7

Содан кейін Иса үш шәкіртімен таудан түседі. Иса оларға: «Мұнда көргендерің туралы ешкімге айтпаңдар! Мен жақында өлемін, бірақ қайта тірілетін боламын. Сол кезде ғана адамдарға айтсаңдар болады», — деді.

Матай 17:1-9, Марқа 9:2-8 және Лұқа жазған ізгі хабар 9:28-36 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі

Читать в ридере

Свободно для использования, адаптации и распространения по открытой лицензии (CC BY-SA 4.0).