13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 1

Құдай исраилдіктерді Қызыл теңізден өткізгеннен кейін елсіз дала арқылы Синай тауына әкелді. Дәл осы тауда Мұса жанып тұрған бұтаны көрген еді. Халық Синай тауының етегіне орналасты.

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 2

Құдай Мұса мен Исраил халқына: «Егер Менің айтқандарыма құлақ асып, оларды орындайтын болсаңдар, онда Мен сендермен Келісім жасап, сендер Менің құнды меншігім, діни қызметкерлерім және қасиетті халқым боласыңдар!» — деді.

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 3

Құдай Мұсаға Онымен кездесетін үшінші күнге халықты дайындауды бұйырды. Халық Құдаймен кездесуге екі күн дайындалды. Үшінші күні Құдай Синай тауының басына түсті. Ол келгенде күн күркіреп, найзағай ойнап, таудың басын қалың бұлт басып, қатты керней дауысы естілді. Құдай Мұсаны шақырғанда, ол тауға көтеріліп кетті.

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 4

Тауда Құдай халықпен Келісім жасап, оларға он өсиет берді. Ол былай деді: «Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Мен сендерді Мысырдағы құлдықтан құтқардым. Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын!»

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 5

«Жалған тәңір бейнелерін жасама, сондайларға бас иіп табынба. Өйткені Мен – Жаратқан Иемін, Өзімнен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын. Менің атымды орынсыз аузыңа алма. Сенбі күн Маған бағышталған қасиетті күн екенін есіңнен шығарма. Басқаша айтқанда, алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, ал жетінші күні демалып, Құдай Иең туралы терең ойланатын бол».

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 6

«Ата-анаңды құрметте. Кісі өлтірме. Неке адалдығын бұзба. Ұрлық жасама. Өтірік айтпа. Басқаның әйеліне, үйіне, не өзге де ешқандай нәрсесіне сұқтанба».

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 7

Бүкіл халық бірауыздан Құдай берген өсиеттерді орындауға келісті. Барлығы тек Құдайға ғана бас иіп, Оған ғана табынамыз және Оның меншігі боламыз деп келісті.

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 8

Құдай исраилдіктерге үлкен шатыр — киелі шатыр құру керектігін де айтты. Сөйтіп оны қалай құру керектігін және ішіне не қою керектігін де түсіндіріп берді. Құдай оларға шатырдың ішін екіге бөліп тұратын үлкен шымылдық орнатуды бұйырды. Жаратқан Ие шымылдықтың артындағы бөлмеге келіп, сол жерді мекендейтін болды. Сол бөлмеге бас діни қызметкерге ғана кіруге рұқсат берілді.

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 9

Құдай Өзінің діни қызметкерлері ретінде Мұсаның ағасы Һарон мен оның ұрпақтарын таңдап алды. Халық киелі шатырдың алдында құрбандық шалатын орын салуға тиіс болды. Құдайдың заңын бұзған әрбір адам құрбандық шалатын сол орынға мал әкелетін. Ал діни қызметкер сол малды Құдайға арнап құрбандыққа шалып өртеп жіберетін. Құдай былай дейді, осы малдың қаны адамның күнәсын өтейді. Адам сол құрбандығы арқылы Құдай алдында тазарады.

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 10

Құдай Өз халқына көптеген өсиеттер мен ережелер берді. Ол Өзінің заңдарын орындағандарды, жарылқап қорғаймын деп уәде берді. Ал заңдарын орындамағандарды Құдай жазалаймын деп уәде етті. Құдай екі тас тақтайшаға он өсиет жазып, Мұсаға Синай тауына шығып сол тақтайшаларды алсын деп бұйырды.

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 11

Мұса көп күн бойы Синай тауында болып, Құдаймен сөйлесті. Адамдар Мұсаның оралуын күтіп шаршады. Олар Һаронға алтындарын әкеліп беріп, Құдайдың орнына сиынатын тәңір мүсінін жасап беруді талап етеді. Осылайша адамдар Құдайға қарсы сұмдық күнә жасады.

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 12

Һарон алтыннан жалған тәңір ретінде бұқа мүсінін жасады. Халық сол мүсінге табынып, құрбандық шала бастайды. Құдай осы күнәлары үшін оларға қатты ашуланды. Құдай Мұсаға оларды құртып жібергісі келетіні туралы айтты. Мұса оларды аман қалдыруын сұрап Құдайға жалбарынады. Сонда Ол Мұсаның мінажатына құлақ асып, халықты құртамын деген райынан қайтады.

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 13

Синай тауынан түскен кезде Мұсаның қолында Құдай он өсиет жазып берген екі тақташа болды. Мұса бұқа мүсінін көріп, қатты ашуланады, сөйтіп тас тақташаларды сындырып тастайды.

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 14

Содан кейін Мұса бұқа мүсінін өртеп, ұнтақтап тастайды. Ұнтағын суға тастап, сол суды халыққа ішкізді. Осылай Құдай Исраил халқына ауыр апат жіберіп, көп адам қырылып қалады.

13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі — иллюстрация 15

Құдай Мұсаға сынған тақташалардың орнына Он өсиет жазылған жаңа тақташалар жасауды бұйырды. Мұса Құдайдың айтқанын бұлжытпай орындады. Ол қайтадан тауға шығып, Құдайдан халықтың күнәсін кешіруді сұрап мінажат етеді. Құдай Мұсаның мінажатына құлақ асып, Исраил халқын кешіреді, сөйтіп жаңа тақташаларға Он өсиет жазып береді. Мұса осы тақташалармен таудан қайтып келеді. Содан кейін Құдай исраилдіктерді Синай тауынан уәделі жерге апарады.

Мысырдан шығу 19-34- тараулардан алынған Киелі кітап әңгімесі

Читать в ридере

Свободно для использования, адаптации и распространения по открытой лицензии (CC BY-SA 4.0).