14. Шөл даланы кезу

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 1

Құдай исраилдіктермен жасаған келісіміне сай, орындау керек барлық заңдарды бергеннен кейін, оларды Синай тауынан түсірді. Құдай олардың алдында бұлтты бағана болып жүрді, ал халық Оның соңынан ерді. Ол халықты уәде еткен Қанахан еліне апармақ болды.

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 2

Құдай Ыбырайым, Ысқақ пен Жақыптың ұрпақтарын уәделі жерге апаратыны туралы уәде еткен еді. Бірақ сол жерде көптеген халықтар тұратын. Олар қанахандықтар деп аталды. Қанахандықтар Құдайға сиынбады және Оған мойынсұнбады. Олар жалған тәңірлерге табынып, көптеген зұлым іс-әрекеттер жасады.

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 3

Құдай исраилдіктерге: «Уәделі жерге кіргенде бүкіл қанахандықтардың көзін құртыңдар. Олармен одақтаспаңдар, неке құрмаңдар. Сендер олардың жалған тәңірлерін жоюларың керек. Егер Менің айтқанымды бұлжытпай орындамасаңдар, онда Маған емес, олардың жалған құдайларына табына бастайсыңдар», — деп ескертті.

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 4

Исраилдіктер Қанаханның шекарасына жақындап келгенде, Мұса Исраилдің әр руынан бір-бірден он екі ер адамды таңдап алды. Оларды сол жердің қандай екенін білу үшін барлап келуге жіберді. Сонымен қатар олар қанахандықтардың әскери күшін біліп келулері керек еді.

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 5

Он екі ер адам Қанахан жерін қырық күн бойы барлап қайта оралады. Олар халыққа келіп: «Ол жер шыныменде жақсы, өнімі мол жер екен!» — дейді. Бірақ олардың ішіндегі он барлаушы: «Олардың қалалары өте берік салынған және онда алып адамдар тұрады екен! Егер біз оларға шабуыл жасасақ, қырылып қаламыз», — деді.

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 6

Ал басқа екі барлаушы Халеп пен Нұн ұлы Ешуа былай дейді: «Иә, рас! Қанахандықтар алып әрі мықты, бірақ біз оларды жеңе аламыз! Құдай біз үшін шайқасады».

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 7

Бірақ халық Халеп пен Нұн ұлы Ешуаны тыңдамады. Олар Мұса мен Һаронға: «Сендер неге бізді осы қауіпті жерге алып келдіңдер? Одан да біздің Мысыр жерінде қалғанымыз жақсы еді. Біз олардың жеріне басып кірсек, соғыста құримыз, ал әйелдеріміз бен балаларымыз қанахандықтарға құл болмақ», — деп ашуланды. Олар өздеріне Мысыр жеріне қайта алып баратын жаңа басшыны тағайындағылары келді.

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 8

Құдай халықтың айтқандарын естіп, қатты ашуланды. Ол Киелі шатырға келіп: «Маған қарсы шыққандарың үшін сендер шөл даланы кезіп жүретін боласыңдар. Жиырма жастан асқандардың барлығы осында өліп, ешқайсысы Мен уәде еткен жерге кіре алмайды. Тек Халеп пен Нұн ұлы Ешуа ғана кіреді», — дейді.

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 9

Адамдар Құдайдың сөзін естігенде жасаған күнәлары үшін қатты өкінді. Содан соң олар Қанахан тұрғындарына қарсы соғысуды ұйғарды. Мұса қанахандықтармен соғыспаңдар, Құдай сендермен бірге бармайды деп ескертсе де, олар Мұсаны тыңдамады.

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 10

Құдай бұл соғысқа исраилдіктермен бірге бармағандықтан, қанахандықтар оларды күйрете жеңіп, көбін өлтірді. Содан кейін олар Қанахан жерінен шегініп, қырық жыл бойы шөл даланы кезіп жүрді.

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 11

Шөл далада жүрген қырық жыл бойы Құдай оларды қамқорлап жүрді. Ол аспаннан халыққа «ман һу» деген нан жаудырып отырды. Киімдері мен аяқкиімдерін Құдай сақтағандықтан, олар еш тозбады.

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 12

Құдай керемет жолмен оларға жартастан су ағызды. Бірақ осының бәріне қарамастан исраилдіктер Құдайға және Мұсаға шағымданып, күңкілдей берді. Ал Құдай болса, Өз уәдесіне сенімді болып қала берді. Құдай Өз уәдесі бойынша, Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың ұрпақтарын қамтамасыз етіп жүрді.

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 13

Бірде халықтың ішетін суы таусылып қалады. Сонда Құдай Мұсаға: «Мына жартасқа бұйыра сөйле, сонда ішінен су шықпақ», — дейді. Бірақ Мұса бүкіл халықтың алдында Құдайға мойынсұнбады. Ол жартасқа су ақсын деп бұйырудың орнына, қолындағы таяғымен екі рет ұрып қалады. Сонда жартастан су ағып, бүкіл халық шөлін қандырады. Бірақ Құдай Мұсаның мойынсұнбағанына ашуланып былай дейді: «Сен Мені тыңдамағаның үшін Мен уәде еткен жерге кірмейсің».

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 14

Қырық жыл бойы шөл даланы кезіп жүргеннен кейін, Құдайға қарсы шыққан адамдардың барлығы өлді. Сонда Құдай халықты уәделі жердің шекарасына қайтадан әкелді. Мұса қартайған еді, сонда Құдай халық басшысы қылып Нұн ұлы Ешуаны тағайындайды. Құдай Мұсаға: «Бір күні Мен адамдарға өзің сияқты бір пайғамбарды жіберемін», — деп уәде етті.

14. Шөл даланы кезу — иллюстрация 15

Құдай Мұсаға уәде еткен жерді көрсету үшін таудың басына алып шығады. Мұса уәде еткен жерді көрді, бірақ Құдай оған сол жерге кіруге рұқсат бермеді. Содан кейін Мұса қайтыс болып, исраилдіктер оны отыз күн бойы жылап жоқтайды. Нұн ұлы Ешуа халықтың жаңа басшысы болып тағайындалады. Ол Құдайға сенім артып, мойынсұнғандықтан, халықты жақсы басқарды.

Мыс.шығу 16-17; Руларды санау 10-14; 20; 27; Заң.қайт 34-тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімелері

Читать в ридере

Свободно для использования, адаптации и распространения по открытой лицензии (CC BY-SA 4.0).