5. Құдай уәде еткен ұл

5. Құдай уәде еткен ұл — иллюстрация 1

Ыбырам мен Сарайдың Қанахан жеріне көшіп келгендеріне он жыл өтсе де, балалары болмады. Сонда Ыбырамның әйелі Сарай оған: «Мен қартайдым, бала көтеретін жаста емеспін. Құдай маған ана болуды сыйламаған екен. Олай болса, күңім Ажармен жақындас. Мүмкін, соның арқасында балалы болармын», — деді.

5. Құдай уәде еткен ұл — иллюстрация 2

Ыбырам Ажармен жақындасып, оның бойына бала бітті. Мұнысын білген Ажар Сарайға менсінбей қарай бастады. Сонда Сарай бұл үшін Ыбырамды кінәлады. Уақыт өтіп Ажар ұлды болды, Ыбырам оған Ысмағұл деп ат қойды. Ысмағұл он үш жасқа келгенде, Құдай Ыбырамға тағы да сөзін арнады.

5. Құдай уәде еткен ұл — иллюстрация 3

Құдай Ыбырамға: «Мен құдіретті Жаратқан Иемін. Сенімен келісім жасаймын», — деді. Ыбырам Құдайдың даусын естігенде, жерге етпетімен жата кетті. Құдай сөзін жалғастырып былай деді: «Сен көптеген халықтардың түп атасы боласың. Мен Қанахан жерін саған және сенің ұрпақтарыңа беремін әрі олардың Құдайы боламын. Әулетіңдегі еркек атаулыны сүндеттеңдер».

5. Құдай уәде еткен ұл — иллюстрация 4

«Мен саған уәде еткендей, әйелің Сарай ұл туады. Оның есімін Ысқақ деп қой. Мен онымен келісім жасаймын және одан ұлы халық өрбітіп шығарамын. Ысмағұлдан да ұлы халық өрбітіп шығарамын, бірақ келісімімді Ысқақпен бекітемін». Бірақ соның алдында Құдай Ыбырамның есімін Ыбырайым деп өзгертті. Оның мағынасы «көптің атасы» дегенді білдіреді. Сонымен қатар Құдай Сарайдың да есімін Сара деп өзгертті. Ол «ханша» деген мағынаны білдіреді.

5. Құдай уәде еткен ұл — иллюстрация 5

Сол күні Ыбырайым үй ішіндегі еркек атаулының барлығын сүндетке отырғызды. Шамамен бір жылдан кейін, Ыбырайым жүз жасқа, ал Сара тоқсан жасқа келгенде, Ыбырайымға ұл туып берді. Құдай айтқандай, олар оның атын Ысқақ деп қойды.

5. Құдай уәде еткен ұл — иллюстрация 6

Ысқақ әлі кішкентай болған кезде, Құдай Ыбырайымның сенімін сынамақ болып, оған: «Жалғыз ұлың Ысқақты Маған құрбандыққа шал», — деп бұйырды. Ыбырайым бұл жолы да Құдайға мойынсұнып, өз ұлын құрбандыққа шалуға дайын болды.

5. Құдай уәде еткен ұл — иллюстрация 7

Ыбырайым мен Ысқақ құрбандық шалатын орынға қарай келе жатқанда Ысқақ әкесінен: «Әке, құрбандық шалатын отын бар, ал тоқты қайда?» — деп сұрады. Сонда Ыбырайым: «Балам, құрбандыққа шалатын тоқтыны Құдайдың Өзі береді», — деп жауап берді.

5. Құдай уәде еткен ұл — иллюстрация 8

Олар құрбандық шалатын орынға жеткенде, Ыбырайым Ысқақты байлап сол орынға жатқызды. Сөйтіп Ысқақты бауыздамақ болғанда, Құдай оған былай деді: «Тоқта! Ұлыңа тиіспе! Мен үшін жалғыз ұлыңды аямағаныңа қарап, Мені қастерлейтініңе көзім жетті!».

5. Құдай уәде еткен ұл — иллюстрация 9

Сол кезде Ыбырайым бұтақтар арасында шырмалып қалған қошқарды көрді. Бұл Ысқақтың орнына кұрбандыққа жіберілген Құдайдың тоқтысы еді. Ыбырайым сол қошқарды алып, қуана құрбандыққа шалды.

5. Құдай уәде еткен ұл — иллюстрация 10

Сонда Құдай Ыбырайымға былай деді: «Менен жалғыз ұлыңды аямағаның үшін Мен сені жарылқаймын. Аспандағы жұлдыздар қаншалықты көп болса, сенің ұрпақтарыңды да соншалықты көбейтемін. Менің сөзіме құлақ асқаның үшін жер бетіндегі бүкіл халықтар сен арқылы Менің ақ батама ие болады!»

Жаратылыстың басталуы 16-22-тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі_

Читать в ридере

Свободно для использования, адаптации и распространения по открытой лицензии (CC BY-SA 4.0).