6. Құдайдың Ысқаққа деген қамқорлығы

6. Құдайдың Ысқаққа деген қамқорлығы — иллюстрация 1

Уақыт өтіп жатты. Ыбырайым қартайып, ал оның ұлы Ысқақ ер жетті. Бір күні Ыбырайым Ысқаққа қалыңдық алып келсін деп бір қызметшісін туған-туыстарының еліне жіберді.

6. Құдайдың Ысқаққа деген қамқорлығы — иллюстрация 2

Қызметшісі Ыбырайымның туған-туыстарының жеріне ұзақ жол жүріп барды. Сол елге жеткенде, Құдай оны Рабиғаға кездестірді. Рабиға Ыбырайымның інісінің немере қызы еді.

6. Құдайдың Ысқаққа деген қамқорлығы — иллюстрация 3

Рабиға туған үйін тастап, қызметшімен бірге Ысқаққа баруға келісті. Ол келген кезде, Ысқақ бірден оған үйленді.

6. Құдайдың Ысқаққа деген қамқорлығы — иллюстрация 4

Арада ұзақ уақыт өтті. Ыбырайым қайтыс болды. Құдай Ыбырайыммен жасаған келісімі бойынша, оның ұлы Ысқақты жарылқады. Бұл келісімде Құдай Ыбырайымның ұрпағының сансыз көп болатыны жөнінде уәде еткен еді. Бірақ Ысқақтың әйелі Рабиғаның балалары болмады.

6. Құдайдың Ысқаққа деген қамқорлығы — иллюстрация 5

Ысқақ Рабиға үшін Құдайға сиынғандықтан, ол Құдайдың жарылқауымен егіз балаға жүкті болды. Бірақ егіз ұлдары әлі анасының құрсағында жатса да бір-бірімен тебісе бастады. Сонда Рабиға Құдайға келіп соның мәнісін сұрады.

6. Құдайдың Ысқаққа деген қамқорлығы — иллюстрация 6

Құдай Рабиғаға: «Сен екі ұл туасың. Олардың ұрпақтарынан екі ұлт тарайтын болады. Осы ұлттар бір-бірімен жауласып өмір сүретін болады. Бірақ бірінші ұлдан тараған ұлт кіші ұлдан тараған ұлтқа бағынышты болады», — деді.

6. Құдайдың Ысқаққа деген қамқорлығы — иллюстрация 7

Уақыты келгенде Рабиға дүниеге егіз ұл әкелді. Үлкен ұлы қызыл түкті болып туылады. Оған Есау деген ат қояды. Ал сыңары бірден Есаудан кейін, оның өкшесінен ұстап туылды. Оған Жақып деген ат қояды.

Жаратылыстың басталуы 24:1-25:26-тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімелері

Читать в ридере

Свободно для использования, адаптации и распространения по открытой лицензии (CC BY-SA 4.0).